Алматы қаласында ҚМДБ жылдық жоспар негізінде жергілікті өкілдіктің ұйымдастыруымен «Той - тәрбие мен тағылымның ордасы» атты асабаларға арналған семинар өтті.
Жиынға қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған бірқатар имамдар мен ел арасында танымал өнер адамдары мен асабалар қатысты.
Отызға жуық асаба жиналған келелі кездесуде бүгінгі той-томалақта болып жатқан өрексел қателіктер мен кемшіліктер турасында сөз қозғалып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды сақтау, той мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
04.11.2026
186
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру