Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: «Әзірет Сұлтан» мешітінде Исламдық қаржы бойынша жүйелі дәрістер басталды

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 04.11.2026 89 0 пікір
Астана: «Әзірет Сұлтан» мешітінде Исламдық қаржы бойынша жүйелі дәрістер басталды

Бас қаладағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Исламдық қаржы секторының меңгерушісі Нұржан Стамбакиевтің «Исламдық қаржы негіздері» атты сауат ашу курсының алғашқы дәрісі өтті. 

Шараның ашылуына қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы арнайы қатысып, исламдық қаржы саласындағы білімнің маңыздылығына тоқталды және бастаманың елорда жамағаты үшін пайдалы болатынын атап өтті.

Дәріс барысында қатысушылар Исламдық қаржының негізгі қағидаларымен танысып, адал сауда жасау талаптары, пайызсыз қаржыландырудың ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.

Айта кетейік, «Исламдық қаржы негіздері» курсы алдағы уақытта дәрістер циклі ретінде жалғасады. Сабақтар әр сейсенбі күні сағат 11:00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінде тегін өткізіледі. Курсқа елорда тұрғындары қатыса алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру