Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысының бас имамы діни сауат ашу орталығының шәкірттерімен кездесті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 04.11.2026 77 0 пікір
Қарағанды облысының бас имамы діни сауат ашу орталығының шәкірттерімен кездесті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттерімен кездесу өткізді. 

Рухани басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Діни оқу-ағарту» бағытының жауапты меңгерушісі Сұлтан Аманжолұлы, орталық директоры Сайлау Жұмағұлұлы және шәкірттер қатысты.

Кездесу барысында облыс бас имамы ҚМДБ жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жастарға тағылымды насихат айтып, адал еңбек етудің, білім мен ғылымға ұмтылудың, жастық шақты тиімді пайдаланудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар қызметтік сапар аясында облыс бас имамы жуырда күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңартылған діни сауат ашу орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру