Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жамағатқа ҚМДБ- ның «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды.
Орталық мешіттің ұстазы Мұхаммедсолих Мирзаев құжаттың негізгі мазмұнына тоқталып, онда көтерілген мәселелер мен дініміздегі ас берудің әдебі жөнінде кеңінен түсіндірді.
Кездесу кезінде марқұмдарды еске алу рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, ас беру кезінде қарапайымдылықты сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
04.11.2026
94
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру