Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға баспана кілті табысталды.
Бұл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып келе жатқан «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында берілген 919-шы баспана.
Қайырымдылық шарасында жаңа қоныс иелеріне ізгі тілектер айтылып, отбасының қуанышына ортақтасқан азаматтар баспананың құтты болуын тіледі. Сондай-ақ игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан қайырымды жандарға алғыс білдірілді.
«Ел үлесі – пәтерге» жобасы әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында еліміздің өңірінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, бүгінге дейін 919 отбасы баспаналы болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
15.10.2026
208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру