Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордалық имамдар республикалық аттестаттаудан өтуде

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 14.10.2026 39 0 пікір
Қызылордалық имамдар республикалық аттестаттаудан өтуде

Қызылорда облысының дін қызметкерлері «Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық аттестаттауға қатысуда.

Аттестаттау барысында имамдардың Құран Кәрім, ақида, фиқһ және Ислам тарихы пәндері бойынша білімдері тексеріледі. Сонымен қатар дін қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы мен қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатысты сауаттылығы бағаланады.

Аттестаттау компьютерлік тестілеу және ауызша сынақ форматында өтуде. Бұл кезеңдер имамдардың діни білім деңгейін саралап, қызметіне қажетті кәсіби біліктілігін бағалауға бағытталған.

Аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ Дін істерін талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы бар.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру