Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.10.2026 28 0 пікір
СҚО: Көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды

«Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасына Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Аян Болатұлы арнайы қатысып, отбасыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол мұндай игі бастамалардың қоғамдағы өзара қолдау мен бауырмалдықты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ата-аналарға күш-қуат, сабыр мен төзім тілеп, әр шаңыраққа амандық пен береке тіледі.

Мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық пен қамқорлықты дәріптеу бағытындағы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру