Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Аймақтық футбол жарысы өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 09.10.2026 33 0 пікір
Қостанай: Аймақтық футбол жарысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі мен Ұзынкөл ауданының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Рухани келісім күніне орай аймақтық футбол жарысы өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді. Сондай-ақ Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Журкабаев спортшыларға ақжарма тілегін жеткізді.

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан 2 команда, Қостанай облысынан 6 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы қызметіне тағайындалған Аян Болатұлы бастаған солтүстікқазақстандық жамағат өкілдері де арнайы келіп, спорттық додаға қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарға өнегелі тәрбие беру, сондай-ақ дін қызметкерлері мен жамағат арасындағы достық пен бауырластық байланысты нығайту. Жарыс барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара ынтымақтастық пен спорттық рухтың үлгісін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру