Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының дін қызметкерлері облыстық «Халифа Алтай» мешітінде кезекті республикалық аттестаттаудан өтуде.
Аттестаттау дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін саралау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сынақ барысында имамдардың Құран, ақида, фиқһ, Ислам тарихы секілді діни ілімдермен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы мен қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімі бағаланады.
Аттестаттау компьютерлік тестілеу және ауызша сынақ түрінде өтуде.
Аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ Дін істерін талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі және білікті ұстаздар бар.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
07.10.2026
120
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру