Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстан: «Ас беру мәдениеті» талқыланды

Солтүстік Қазақстан өкілдігінің баспасөз қызметі 07.10.2026 48 0 пікір
Солтүстік Қазақстан: «Ас беру мәдениеті» талқыланды

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Ас беру мәдениеті» тақырыбында жиын өтті. Басқосуға қала имамдары мен өңірдің бас имамы Аян Болатұлы қатысты.

Жиынды өңірдің бас имамы ашып, ас беру мәдениетінің қоғамдағы маңызына тоқталды. Кездесуде «Ас беру мәдениеті» құжатының негізгі бағыттары мен мазмұны талқыланды.

Сонымен қатар құжаттағы ұсыныстарды ел арасында түсіндіру, ас беру барысында діни және ұлттық құндылықтарды сақтау, қалыптасқан дәстүрлерді дұрыс бағытта насихаттау мәселелері сөз болды.

Жиын барысында имамдар өзара пікір алмасып, тұрғындар арасында ас беру мәдениетіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызын атап өтті.

Басқосуда көтерілген ұсыныстар алдағы уақытта мешіттерде жүргізілетін уағыз-насихат және түсіндіру жұмыстарына арқау болмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру