ҚМДБ бекіткен жылдық жоспар негізінде Алматы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен «Әр-Рахиқ Әл-Махтұм» кітабы негізінде мешіт шәкірттері арасында сайыс өткізілді.
Іс-шара қасиетті Құран аяттарымен басталды. Сайыста елордадан арнайы келген ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы, Нұр-Сұлтан мешітінің ұстазы Қажымәлікқызы Қарлығаш және Таугүл мешітінің ұстазы Маржанқыз Оразанбайқызы әділқазылық етті.
Сайыс ережесіне сәйкес қатысушыларға сирадан сұрақтар қойылып, білім дәрежесі тексерілді. Алла Елшісі жайында видео роликтер көрсетіліп, иләһи әндер орындалды. Көрермендермен де ойын арқылы сұрақ-жауаптар алмасып, ұстаздар «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен жүрекке жол табатын өнегелер» тақырыбында уағыз-насихат пен өлеңмен өрілген «Пайғамбарымызға сағыныш» жырлары жүрекке жетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Жүлделі 1-ші орын - Ұмра қажылығына сертификат - Жанар Ельбаева [Алатау ауданы];
2-ші орын - қаржылай 200 000 тг - Жадыра Жақсығалиева [Алматы Орталық Мешіті];
3-ші орын - қаржылай 100 000 тг - Несібелі Ордабек [Бостандық ауданы] шәкірттеріне бұйырды.
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы барша қатысушылар мен жеңімпаздарды, құттықтап, әділқазы мүшелеріне алғысын жеткізді.


























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.10.2026
42
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру