«Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Түркістан өңіріне сапарлаған Жамбыл облысының дін қызметкерлері түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған дін қызметкерлері – облыстың наиб имамдары мен Тараз қаласындағы мешіт қызметкерлері – Әзірет Сұлтанның рухына Құран аяттарын бағыштап, ел тыныштығы мен бірлігін, халқымыздың амандығын тілеп дұға жасады.
Зиярат барысында дін қызметкерлері тарихи сәулет ескерткішінің ішкі құрылымымен танысып, Тайқазан орналасқан Қазандық бөлмесін, қылует пен жерасты мешітін аралады. Сондай-ақ ортағасырлық жәдігерлер мен жазба деректерді тамашалап, Қожа Ахмет Ясауи ілімінің ислам діні мен қазақ дәстүрінің сабақтастығындағы тарихи маңызына тоқталды.
Дін қызметкерлері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының тарихымен танысып, өзара пікір алмасты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.10.2026
26
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру