Халықаралық қарттар күніне орай ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ардагер дін қызметкерлеріне өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мен рухани-ағартушылық жұмыстың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар ақсақал имамдарға арнайы алғыс хаттарды табыстады.
Өз кезегінде шараға қатысқан ардақты қарт имамдар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын берді.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.10.2026
74
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру