ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Ақмола облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен 50 жастан асқан ақ жаулықты апалар арасында «Әр-Рахман» сүресін мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Шараға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, сектордың Ақмола облысы бойынша жетекшісі Гүлнар Жұмабайқызы, облыс ұстаздары мен жергілікті әйел жамағаты қатысты.
Динара Құтқожақызы «Құранға деген махаббат» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, Құран оқудың, жаттаудың маңызы мен пайдасына тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың Құран үйренуге деген талпыныстары мен ынта-жігеріне ризашылығын жеткізді.
Сайысқа 27 апа қатысып, ұяшықтар арқылы таңдалған тапсырмалар бойынша Құран аяттарын мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың оқу мәнеріне, тәжуид ережелерін сақтауына және аяттарды дұрыс оқуына баға берді.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Қосшы қаласындағы «Ондыбай ата» мешітінің шәкірті Гүлзахира Омарбекқызы, 2-орынды Көкшетау қаласындағы «Науан Хазірет» мешітінің шәкірті Дания Худайбергенқызы, 3-орынды Аршалы ауданындағы «Жібек Жолы» мешітінің шәкірті Айсұлу Қайроллақызы иеленді.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Ақ жаулықты аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын аайтып, осындай рухани шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.09.2026
576
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру