Ақтөбеде Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр ҚМДБ-ның «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты аясында Ойыл кәсіптік колледжінің студенттеріне «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар өткізді.
Мақсат - жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту.
Кездесу барысында жастарға жат діни ағымдардың қоғамға және жеке адам өміріне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ дін атын жамылған теріс ағымдардың арбауына түспеудің жолдары, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңызы және дәстүрлі діни құндылықтарды ұстанудың қажеттілігі айтылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
03.11.2026
54
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру