Республика күніне және еліміздің тәуелсіздігіне 35 жыл толуына байланысты Түркістан облысында теңдессіз қайырымдылық шарасы өтті.
Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында небәрі 1 күн ішінде 30 мұқтаж және көпбалалы отбасыға жаңа баспана кілті табысталды.
Қайырымдылық шарасы жергілікті имамдардың бастамасымен және жомарт кәсіпкерлер мен облыс, аудан және ауыл белсенділерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы мен Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов қоныстой иелерін құттықтап, ақ баталарын беріп, қор атынан тағы да сыйлықтар табыстады.
Қор басшылығы мен имамдар игі іске үлес қосқан барша жомарт жандар мен ауыл тұрғындарына шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі
02.11.2026
632
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру