Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: «Қуанай хазірет» мешітінде Құранды жатқа оқудан жарыс өтті

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 02.11.2026 134 0 пікір
Орал: «Қуанай хазірет» мешітінде Құранды жатқа оқудан жарыс өтті

Орал қаласындағы «Қуанай хазірет» мешітінде жасөспірімдер мен жастар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды. 

Рухани тағылымы мол игі шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, жас буынды Алланың кітабын оқып, жаттауға ынталандыру.

Құран жарысы екі санат бойынша өткізілді. Бірінші санатта 7–15 жас аралығындағы қатысушылар «Фәжр» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа және мәнерлеп оқудан бақ сынаса, екінші санатта 25 жасқа дейінгі қатысушылар құранның 30-парасын толық жатқа оқудан өзара сайысқа түсті.

Байқау барысында қатысушылардың аяттарды жатқа білу деңгейі, тәжуид ережелерін сақтауы, әріптердің дұрыс айтылуы, оқу мәнері мен жаттаған сүрелерін жаңылмай жеткізуі назарға алынды.

Нәтижесінде екі санатта үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табысталды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру