Түркістан облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстарын жүйелендіруге арналған арнайы семинар өтті.
Басқосудың негізгі мақсаты — өңірдегі қайырымдылық қызметтің тиімділігін арттыру және бұл бағытқа еріктілерді кеңінен тарту.
Іс-шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ облыс, аудан, ауылдың қайырымдылығына жауапты имамдар мен белсенді еріктілер қатысты.
Семинарда төрт-түлік малдан, ұшырдан жиналатын зекетті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, халықпен кері байланысты нығайтуды және қайырымдылық жобаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ еріктілер қозғалысын дамыту бастамалары аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызы талқыланды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі
03.11.2026
194
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру