Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінде мәуліт шәріп оқылды

Алматы облысы өкілдігі hilal.kz 13.09.2026 49 0 пікір
Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінде мәуліт шәріп оқылды

Қасиетті жұма күні Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінде Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жамағатқа  «Отбасы – бақыт пен береке тірегі»  тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Сондай-ақ қасиетті Мәуліт айына орай мешітте рухани басқосу ұйымдастырылып, арнайы келген қонақтар Мәуліт Шәріп оқыды. Атап айтқанда, Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы қарилар дайындау ижаза орталығының директоры Бақытжан Қари Ақжолтай, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы Қожа Қари Тоқтияр, сондай-ақ XV Республикалық Құран жарысының Алматы облысының атынан қатысқан үміткері 10 пара бойынша І орын иегері атанған Амантай Мұхаммад Юсуф Мәуліт Шәріп оқып, жамағатқа рухани әсер сыйлады.

Мәуліт барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өнегелі өмір жолы мен көркем мінезі дәріптеліп, жамағатпен бірге Алла Елшісіне (с.а.с) салауаттар айтылды.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру