2026 жылғы 7–8 қыркүйек күндері ҚМДБ жариялаған конкурстар аясында туроператорлар мен қажыларға қызмет көрсететін компаниялар, сондай-ақ әуе тасымалдаушыларының өкілдері арасында жұмыс кездесулері ұйымдастырылып, олардың ұсыныстары қарастырылды.
Кездесу барысында, Bushra Deyafa, Holiday Inn, Mashariq, Rajhi және Mashariq компаниялары қажыларға көрсетілетін қызметтер бойынша өз ұсыныстарын таныстырып, қызмет көрсету мүмкіндіктері мен шарттарын ортаға салды. Қазіргі уақытта аталған ұсыныстар туроператорлар тарапынан зерделеніп, тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған мәселелер бойынша тиісті талқылаулар жүргізілді.
Сонымен қатар ҚМДБ жариялаған әуе компаниялары арасындағы конкурс барысына қатысты кезекті жұмыс кездесуі өтіп, туроператорлар мен әуе тасымалдаушы компаниялардың өкілдері бас қосты.
Жиын барысында Air Arabia, Air Astana, Flynas, Satguru Travel, SCAT, және Turkish Airlines компаниялары қажыларды тасымалдау бойынша өз ұсыныстарын таныстырды. Әуе рейстерін ұйымдастыру, тасымалдау бағыттары, қызмет көрсету шарттары бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Қазіргі таңда қажылықты ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, туроператорлар мен қызмет көрсетуші компаниялардың ұсыныстары жан-жақты қарастырылуда. Негізгі мақсат – қажыларға сапалы, қолайлы әрі талаптарға сай қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
08.09.2026
239
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру