Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында өтіп жатқан екі күндік Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқаудың алғашқы күні өз мәресіне жетті.
Бүгінгі жарыстық кезеңде 10 және 20 пара санатында Құранды жатқа оқу бойынша үміткерлер бақ сынады. Сондай-ақ Құранды мәнерлеп оқу номинациясы толығымен аяқталды.
Айта кетейік, ертең жарыстың екінші күнінде қариларымыз Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша сынға түседі. Жүлделі бірінші орын иегеріне теміртұлпар табысталмақ.
Қасиетті Құран байқауын ертең сағат 08:30-дан бастап «Muftiyat QMDB» YouTube арнасынан және «МұнараТВ» телеарнасынан тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар.
Тікелей эфир сілтемесі:
https://www.youtube.com/live/7tZWAOhfAwg
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
05.09.2026
34
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру