Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Облыс имамдарының жиыны өтті

Қостанай облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 31.08.2026 20 0 пікір
Қостанай: Облыс имамдарының жиыны өтті

Қостанай облысында қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысқан алқалы жиын өтті. Басқосуда діни қызметтің өзекті мәселелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары мен міндеттер пысықталды.

Жиында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, имамдардың қызметіне жауапкершілікпен қараудың, мешіттердегі діни-ағартушылық және қоғамдық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстарды жандандыру, халықпен байланыс пен діни-ағартушылық бағыттағы іс-шараларды күшейту мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта өтетін имамдар аттестациясына дайындық барысы сөз болды. Бас имам имамдарға қажетті құжаттарды реттеп, білім деңгейін пысықтап, аттестацияға жүйелі түрде дайындалуды тапсырды.

Алқалы жиын қорытындысында діни қызметтің басым бағыттары айқындалып, қала және аудан имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Жазғы еңбек демалысынан кейін жұмысын қайта бастаған имамдар жаңа кезеңдегі міндеттерді жоспарлап, өңірдегі діни-ағартушылық және қоғамдық жұмыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.
Қостанай облысы имамдарының алқалы жиыныИмамдар жиыныҚостанай облысы имамдарыБас имам Бектұрсын Торғайбайұлы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру