Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.08.2026 46 0 пікір
БҚО:  «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі бастаманың негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.

Акция аясында көмекке мұқтаж 520 оқушыға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталды.

Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты мен өңірдегі жомарт жандар да атсалысып, балаларға қуаныш сыйлады.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қайырымдылық пен өзара қолдаудың қоғамдағы маңызына тоқталып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру