Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Қостанай облысы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шараға Қостанай облысының Бас имамы БектұрсынТорғайбайұлы, наиб имам Алишер Ертайұлы және «Зекет және қайырымдылық қорының» облыстағы өкілі Бақытжан Икрамұлы қатысты. Сонымен қатар қала және аудан имамдары қайырымдылық бастамасына атсалысты.
Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, оларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Шара аясында облыс бойынша 850 оқушыға дәптер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қарындаштар мен қаламдар, сурет дәптері, ұштағыш, желім және басқа да қажетті оқу құралдары табысталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.08.2026
44
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру