Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.08.2026 52 0 пікір
Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті.

Ізгі шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету, олардың білім алуға деген ынтасын арттыру және қоғамдағы өзара жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.

Акция аясында 300 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табысталды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан дін қызметкерлері балаларға ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылында білімге құштар болып, жақсы нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Балаға жасалған әрбір жақсылық – болашаққа жасалған инвестиция. Осындай игі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру