Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Мешіт жамағаты арасында «Фиқһ» пәнінен білім сайысының жүлдегерлері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.07.2026 83 0 пікір
СҚО: Мешіт жамағаты арасында «Фиқһ» пәнінен білім сайысының жүлдегерлері марапатталды

Мешіт жамағаты арасында ұйымдастырылған «Фиқһ» пәнінен білім сайысына 20-дан астам азамат қатысып, тазалық, дәрет, ғұсыл және таяммум тақырыптары бойынша білімдерін сынға салды. Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, діни сауаттарын жетілдіруге деген ынта-жігерлерін көрсетті.

Бүгін жұма намазынан кейін білім бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде бірінші орынды Орал Жасұланұлы иеленсе, екінші орынға Қуаныш Асхат, ал үшінші орынға Жанай Жанатұлы лайық деп танылды.

Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, діни білімге деген құлшыныстары үшін алғыс білдірілді. Іс-шара жамағаттың діни танымын арттыруға және фиқһ ілімін терең меңгеруге ынталандыруды мақсат етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру