Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық іріктеу сайысы өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.07.2026 52 0 пікір
Қостанайда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық іріктеу сайысы өтті

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі XV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық іріктеу сайысын ұйымдастырды.

Рухани додаға облыстың әр өңірінен келген қарилар қатысып, Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өзара бақ сынады.

Сайысқа тәжірибелі қари-ұстаздар Мұртаза Ертайұлы мен Сұңғат Мақатұлы қазылық етіп, қатысушылардың оқу мәнерін, тәжуид қағидаларын сақтау деңгейін және жаттау сапасын әділ бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сертификаттар табысталды. Марапаттау рәсімінде облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Азамат Серікбайұлы жеңімпаздарды құттықтап, қасиетті Құранға қызмет ету – мұсылман үшін ең абыройлы амалдардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар барлық қатысушыға алғыс білдіріп, Құран жолында еңбек етіп жүрген әрбір жанның еңбегі зор құрметке лайық екенін жеткізді.

Сайыс нәтижесі бойынша 30 пара аталымында І орынды Темірлан Сейфуллин, 20 пара аталымында І орынды Мухаммад Юнусов, 10 пара аталымында І орынды Ералы Ибраев, ал мәнерлеп оқу аталымында І орынды Сүлеймен Дінмұхаммед иеленді.

Әр аталым бойынша І орын алған қарилар XV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру