Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Имани жаз — 2026» жазғы сауат ашу курсының салтанатты ашылуы өтті.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл рухани-танымдық жоба биыл да өңір мешіттерінде жалғасын тапты. Курстың мақсаты — жас буынға діни сауаттылықты арттырып, имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттау.
Ашылу барысында РАНТ мүшесі, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен әдептіліктің маңызын түсіндіріп, жазғы демалысты тиімді пайдалануға шақырды.
Курс аясында балаларға Құран әліппесі, дұғалар, дастархан батасы, ас ішу әдебі, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет және кішіге қамқорлық секілді тәрбиелік мазмұндағы дәрістер өткізіледі. Сонымен қатар түрлі танымдық ойындар арқылы шәкірттердің бауырмашылдығы мен ой-өрісін дамытуға басымдық берілген.
Шәкірттер жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, арнайы оқу кестесімен қамтылды. Сабақтар рухани біліммен қатар, ойын-сауық және дамытушылық бағыттағы іс-шаралармен ұштасады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.06.2026
144
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру