Ақмола облысында имамдарға арналған «Исламдағы қаржы мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Оқу сабағын ҚМДБ Исламдық қаржы секторының меңгерушісі Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы жүргізді.
Іс-шараға 30 имам қатысып, исламдық қаржының негізгі қағидалары мен шариғат талаптарына сай қаржылық қатынастар жөнінде маңызды мәліметтер алды.
Кездесу барысында имамдардың діни білімін жетілдіруге, исламдық қаржы мәселелері бойынша түсінігін тереңдетуге және тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.10.2026
65
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру