Алматыда Нұр-Мүбарак мешітінің ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінің Исламтану мамандығында білім алып жатқан 4-курс студенттеріне арналған «Мінбер мәдениеті» тәжірибелік семинары жалғасып жатыр.
Семинар аясында студенттер Орталық мешіт жанындағы «Қамқор-Шарапат» салттық қызметінің жұмысымен танысты. Семинар барасында аталған орталықтың Алматы қаласы бойынша бөлім директоры Талғат Дайрабайұлы мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімдерін түсіндіріп, осы бағыттағы діни талаптар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Практикалық сабақ барысында студенттер жаназа рәсімдеріне қатысты білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, болашақ дін маманы ретінде қажетті кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Семинардың негізгі мақсаты – болашақ дін мамандарының теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, жаназа рәсімдеріне қатысты білімін тереңдету және кәсіби біліктілігін арттыру.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
20.10.2026
25
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру