Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызылды. Игі бастамаға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, өңірдің бас имамы Аян Болатұлы және жамағат өкілдері қатысты.
Экологиялық іс-шара барысында қалалық «Қызылжар» мешітінің аумағына 10 түп ағаш көшет отырғызылды. Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл желек көлемін арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Аялы ағаш – саялы» жобасы аясында биыл еліміз бойынша 35 мың түп ағаш көшеті егілген. Бұл бастама еліміздің әр өңірін көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Жоба аясында Арал теңізі маңына жыл сайын 4-5 мың түп ағаш отырғызылады. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны қалпына келтіруге, шөлейттенудің алдын алуға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
20.10.2026
30
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру