Түркістан облысында Сарыағаш, Келес және Қазығұрт аудандарының имамдарына арналған біліктілікті арттыру оқу семинары өтті. Оқу сабағын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы жүргізді.
Семинар барысында имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру және мешіт қызметінің сапасын көтеру мәселелері қамтылды. Сонымен қатар жамағатпен тиімді қарым-қатынас орнату, діни сауалдарға дұрыс әрі жан-жақты жауап беру, халық арасында рухани-ағартушылық жұмыстарды күшейту бағыттарына басымдық берілді.
Оқу барысында имамдардың тәжірибесінде кездесетін өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылды. Діни қызметкерлердің білімін тұрақты түрде жетілдіріп отырудың маңызы да атап өтілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігі баспасөз қызметі
20.10.2026
18
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру