Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуезханұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындыққа арналған жиын өтті.
Басқосуға елорда мешіттерінің қызметкерлері қатысып, ұлық мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында Құрбан айт намазын өткізу тәртібі, құрбан шалу рәсімдерін жүйелі ұйымдастыру, арнайы орындардағы тазалық пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жамағатқа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қайырымдылық шараларын үйлестіру және мұқтаж отбасыларға құрбан етін үлестіру бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Нұрбек Әуезханұлы дін қызметкерлеріне мереке күндері жамағатпен мәдениетті әрі сауатты жұмыс жүргізудің маңызын атап өтіп, құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай әрі ұйымшылдықпен атқарылуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ мешіттердегі тәртіп пен тазалықты сақтау, келушілерге қолайлы жағдай жасау және діни рәсімдердің мән-маңызын халыққа кеңінен түсіндіру бағытында нақты міндеттер жүктелді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.05.2026
112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру