Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

05 Мамыр 2026

18 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 05.05.2026 49 0 пікір
«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті проректоры Ершат Ағыбайұлы бастаған делегация Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында маңызды кездесу өткізді.

Делегацияны Мысырдың Уақыфтар министрі, белгілі исламтанушы ғалым, доктор профессор Усама әл-Азхари қабылдады.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Араб мемлекеттері лигасы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Жеңіс Асқар Жеңісұлы қатысты.

Жиын барысында университеттің халықаралық мәртебесін арттыру мақсатында оқу орнының атауын «Нұр-Мүбарак Қазақ-Египет халықаралық ислам университеті» деп өзгерту мәселесі талқыланды. Бұл бастаманы Усама әл-Азхари қолдап, оның екі ел арасындағы достық пен ғылыми интеграцияны жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Сондай-ақ, университетті басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, менеджмент сапасын арттыру және стратегиялық даму бағыттары қарастырылды.

Бұл бастама діни және гуманитарлық білім беруді дамытуға, сондай-ақ Мысырдың жетекші ғылыми және діни орталықтарымен стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл стратегиялық ұсыныс 2024 жылғы 10 қыркүйекте өткен Қамқоршылар кеңесінің 9-шы отырысында Қазақстан тарапы тарапынан алғаш рет ресми түрде көтерілген болатын.

Каир қаласындағы Қазақстан Елшілігінде келелі кездесу өтті
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру