ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңір қариларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыстың Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қариларға ізгі тілегін білдірді. Ол қарилардың ел руханиятына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, білім жолындағы еңбектеріне береке тіледі.
Өз кезегінде Құран секторының меңгерушісі Ахмет қари Полатханұлы жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти бастамасымен алғаш рет «Қарилар алқасы» құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта қарилар алқасының отырысы өтетінін жеткізді.
Сондай-ақ ол қари болу – үлкен жауапкершілік әрі әркімге бұйыра бермейтін нығмет екенін атап өтті.
Жиынға 20-ға жуық қари қатысты. Айта кетейік, қазіргі таңда Маңғыстау облысында 80-ге жуық қари бар.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.05.2026
55
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру