Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласындағы Шымкент медресе колледжінде «Жастар және отбасылық құндылықтардың рөлі мен маңызы» атты рухани-танымдық жастар форумы өтті.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған форум қасиетті Құран оқылып, бата берумен басталды. Жиын жұмысын дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы жүргізді.
Басқосуда алғашқы сөзді шаһардың Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов алып, жастарға тағылымды баяндама жасады. Сондай-ақ ардагер имам Бекайдар Әміре мазмұнды насихат айтты. Сонымен қатар, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров және қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков қатысып, өз ойларын ортаға салды. Форум барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жиында жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Игі шара соңында баяндама жасап, пікір білдірген азаматтарға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.05.2026
195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру