Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының Бас имамы бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.05.2026 125 0 пікір
Алматы облысының Бас имамы бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты

«Ислам және адал қоғам жылы» аясында Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты.

Іссапар барысында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққажаұлы Естеновпен кездесу өтіп, өңірдегі рухани ахуал, діни тұрақтылық, жастар тәрбиесі және әлеуметтік жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ бас имам «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Спорт пен руханияттың үйлесімі қоғам дамуының маңызды негізі екені атап өтілді.

Аудан көлемінде «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, дін қызметкерлеріне арналған «Концептуалды құжаттар» тақырыбында семинар өтіп, діни қызметті жүйелеу, жауапкершілік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өзекті мәселелері қарастырылды.

Іссапар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық филиалымен «Күшіміз – бірлікте» атты кездесу ұйымдастырылып, қоғамдық келісім мен рухани құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Үшқоңыр» медресе-колледжінің түлектеріне арналған «Жолың болсын, жас түлек» іс-шарасы өтіп, үздік түлектер марапатталды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру