Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласында қажылыққа дайындық курстары басталды.
Аталған курс үлкен қажылық сапарына Шымкент қаласы арқылы аттанатын азаматтарға арналған.
Курс барысында арнайы көрнекілік құралдар мен макеттер пайдаланылып, қатысушыларға қажылық рәсімдері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Қажының рухани келбеті» құжаты таныстырылып, оның үш тарауы жеке-жеке талқыланды.
Қажылыққа қатысты дәрістерді Шымкент қаласы бойынша Қажылық бөлімінің жетекшісі Жандос Орынбайұлы, Әл-Фараби ауданындағы «Ордабасы» мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы және дінтанушы Мұхамеджан Естеміров жүргізді.
Курс аясында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
04.05.2026
112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру