Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент:Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнайы семинар ұйымдастырылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.05.2026 90 0 пікір
Шымкент:Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнайы семинар ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Абдрахман ата» мешітінің мәжіліс залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Өзбек мәдени орталығы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Уктам Ака, республикалық қоғамдық бірлестік төрағасының бас кеңесшісі Дәулет Тойметұлы, Латифша Асанов атындағы түрік мәдени орталығының басшысы, Ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Дінмұхаммед Искендиров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Нышанбаев Тахирбек Фархатұлы, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Фаизиев Рахимқожа Раматуллаұлы, тәжік мәдени орталығының төрағасы, найб имам Қазыбек Сарыбаев, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және өзге де азаматтар қатысты.

Игі шараны Ержігіт Досуметов ашып, жүргізді. Семинар барысында шаһардың бас имамы арнайы баяндама жасады. Сонымен қатар, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев бастаған ақсақалдар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Басқосуда жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр сабақтастығы сынды өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Аталған іс-шара қаладағы бес аудан көлемінде ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру