Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Кітап күніне орай арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.04.2026 68 0 пікір
Шымкент: Кітап күніне орай арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды

23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Ұлттық Құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөнінде бастама көтерген болатын. Президент тапсырмасы негізінде бұл күн ресми түрде атаулы дата ретінде бекітілді.

Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Абай ауданындағы Кенесары хан мешіті мешітінде тағылымды шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жамағат арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, дәл осындай кітап оқуға үндеу шаралары Гауһар ана мешіті, Тәжібай ата мешіті және Бозарық мешіті мешіттерінде де ерекше форматта ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру