Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Шығыс Қазақстанда РАНТ аясында кездесу өткізді

Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.04.2026 257 0 пікір
Наиб мүфти Шығыс Қазақстанда РАНТ аясында кездесу өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы РАНТ мүшесі ретінде Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студент жастармен кездесіп, «Ислам және адал қоғам жылы» аясындағы бағыттарды түсіндірді. Сонымен қатар, жастардың рухани дамуы, білім алудың маңызы және жат ағымдардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ, наиб мүфти Өскемен қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде уағыз айтып, имандылық, бірлік және рухани құндылықтарды нығайту жайында насихат жүргізді.

РАНТ сапары аясында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Тазалық – иманнан, таза қоғам – мұсылмандықтан» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, исламдағы сыртқы және ішкі тазалықтың маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру