Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің «Зекет және қайырымдылық» қоры «Алтын алма, алғыс ал» қағидасын берік ұстанып, қайырымдылық бағытында жүйелі түрде ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Осы игі істің жалғасы ретінде сәрсенбі күні аталмыш қордың ұйымдастыруымен және жергілікті «Бэст Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасына күнделікті тұтынуға арналған азық-түлік қоржындары табыс етілді.
Қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері мешіт ұжымына шынайы ризашылықтарын білдіріп, халық игілігі жолындағы қайырымды істеріне алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.04.2026
167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру