Алматы қаласы өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, дін қызметкерлеріне арналған «Фиқһ, ақида, хадис және ислам тарихы» пәндері бойынша имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған 2 күндік курс өтті.
Курс барысында Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан алғы сөз сөйлеп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан дін қызметкерлерін республикалық аттестаттау аясында ұйымдастырылған бұл шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ аттестаттауға жалпы шолу жасап, имамдардың білімін тұрақты түрде жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Айта кетсек, екі күнге созылған біліктілікті арттыру курсында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Ернар Есімқұлов «Ислам тарихы» пәнінен дәріс оқыса, Ризабек Батталұлы «Ақида» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы «Фиқһ» негіздеріне терең талдау жасады.
Курстың алғашқы күні наиб имамдар, ұстаздар, азаншылар мен молдалар қатысса, екінші күні бас имамдар мен әйел ұстаздар дәріс тыңдады.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.04.2026
581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру