Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 06.04.2026 485 0 пікір
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

26 наурыз – Халықаралық талма дертімен күрес күні аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күн – Эпилепсия дертімен күресіп жүрген жандарға қолдау білдіріп, қоғам назарын маңызды денсаулық мәселесіне аударуға бағытталған ерекше дата.

Аталған шара барысында Neuro&Vivo медициналық орталығында Зекет және қайырымдылық қорының қолдауымен 10 мұқтаж отбасының балаларына «Тегін медициналық тексеру және дәрігерлік кеңес» сертификаттары табысталды.

Сертификаттар балалардың денсаулығын жан-жақты тексеруден өткізіп, білікті мамандардан кәсіби кеңес алуына мүмкіндік береді. Бұл бастама ата-аналардың алаңдаушылығын азайтып, балалардың саулығына нақты қолдау көрсетеді.

Іс-шара аясында ата-аналарға дастархан жайылып, балаларға арнайы сыйлықтар ұсынылды.

Талма дерті – тұрақты бақылау мен кәсіби медициналық көмекті қажет ететін күрделі ауру. Сондықтан мұндай әлеуметтік жобалар балалардың өмір сапасын жақсартуға және дер кезінде ем алуына жол ашады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – дертпен күресіп жүрген балалардың жалғыз емес екенін сезіндіру және оларға үміт сыйлау.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру