Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша облыстық сайыс өтті. Оған өңірдегі қала, аудан мешіттерінен 42 шәкірт қатысып, бақ сынады.
Сайысқа облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы және «Шалқар қайырымдылық мекемесінің» ұстазы Нұржігіт Сәдуақасов қазылық етті.
Шара барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Құран оқудың және тыңдаудың сауапты іс екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде І орынды Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінің шәкірті Сабыр Молдағалиев иеленіп, Ұмра жолдамасына ие болды. ІІ орын (300 000 теңге) – Хромтау ауданынан Нурболат Райсовқа, ІІІ орын (200 000 теңге) – Ырғыз ауданынан Нұржан Төлегенге бұйырды.
Барлық қатысушыларға 10 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйақысы мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, қазылар алқасына қазақы дәстүр бойынша шапан жабылды.
Айта кетейік, жарысқа кәсіпкер Бекнұр Мұқанов демеушілік көрсетті.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.04.2026
1317
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру