Атырауда алғаш рет «Құранмен сусындаған аналар» атты әжелер арасында облыстық Құран Кәрім сайысы ұйымдастырылды. Рухани шара «Ислам және ажал қоғам жылы» аясында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының бірлескен ұйымдастыруымен Бақтыгерей Молла мешітінде өткізілді.
Сайысқа өңірдегі мешіттерден келген 15 әже қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың негізгі шарты – «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерін мәнерлеп жатқа айту болды.
Шараға Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, жиналған аналар мен әжелерге ізгі тілегін жеткізді. Бас имам өз сөзінде Құран ілімін үйренудің маңыздылығын атап өтіп, аналардың діни сауатын арттыру және Құранға деген сүйіспеншілікті насихаттау қоғам үшін маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар Бақтыгерей Молла мешітінің имамы Асылбек Тілепбергенұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай рухани шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Мырзағалиқызы Мираш
ІІ орын – Париденқызы Қарлыға
ІІІ орын – Ғариполлақызы Гүлжан
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай жүлделер табыс етілді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.03.2026
1396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру