Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Рамазан-рухани тәрбие мектебі» атты рухани ауызашар кеші өткізілді

Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.03.2026 417 0 пікір
Қарағанды: «Рамазан-рухани тәрбие мектебі» атты рухани ауызашар кеші өткізілді

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі «Әйел-қыздар»  секторына қарасты «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан-рухани тәрбие мектебі» атты рухани ауызашар кеші өткізілді.

Аталмыш шараға Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Бақыткелді» мешітінің ұстазы Касымова Анара Канатовна және Алматы қаласы, Жетісу аудандық мешітінің ұстазы Сарбала Айнұр Шаймерденқызы арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, тағылымды дәрістер оқыды.

Кеш барысында Құран хатым оқылып, балалар Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арнау әнін орындады, сағыныш монологы оқылды.

 Сонымен қатар қатысушылар үшін түрлі рухани ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараға қолдау көрсеткен демеушілер марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді. 

Кештің ең басты сәті – умраға жолдама ойнатылып, жеңімпаз анықталды. 

Жиын рухани бата оқумен аяқталып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Бұл рухани жиын жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеуге, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру