Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті

Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.03.2026 434 0 пікір
Қарағандыда «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы және мешіттің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіру, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және ізгілікке тәрбиелеу болды.

Кеш барысында Рамазан айының мәні, ораза ұстаудың рухани тәрбиелік рөлі және қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті арттырудағы орны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Құран аяттары оқылып, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері арқылы тағылымды насихаттар ұсынылды.

Іс-шараға жалпы 76 адам қатысып, жамағат арасында діни-танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Қатысушылар Рамазан айының ерекшеліктері мен сауапты амалдары туралы пайдалы ақпарат алып, рухани әсерге бөленді.

Мұндай рухани кездесулер қоғамда татулық пен бауырмалдықты нығайтып, жастардың діни сауатын арттыруға және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру