Еліміздегі мешіттерде қарапайым болса да адал еңбек етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсету Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тұрақты назарында. Осы игі үрдісті басшылыққа алған Қостанай облысындағы өкілдік те қасиетті Рамазан айында ұзақ жылдар бойы өз саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетті.
Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма намазы алдында марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз алып, жамағатты қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтады. Ол адамдар арасындағы сыйластықтың ең биік көрінісі – адамгершілік пен ізгілік екенін айтып, бір-біріне қуаныш сыйлау үлкен сауап екенін атап өтті.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қағиданы негізге ала отырып, төрт қызметкерге Ұмра қажылығына жолдама табысталды. Олардың қатарында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің тазалықшысы Гүлжаухар Әнесқызы, облыстық мешіттің шаруашылық меңгерушісі Нұрлан Нұртайұлы, күзетші Жеңіс Рамазанұлы және ұстаз Саидаббас Сайдаламұлы бар.
Айта кетейік, аталған қызметкерлер алдағы уақытта қасиетті сапарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы арқылы аттанатын болады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.03.2026
392
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру