Өскемен қаласының Согра ықшам ауданында жаңа мешіт салу жоспарлануда. Осыған орай Согра ықшам ауданының жамағатына және демеушілерге ҚМДБ ШҚО өкілдігі атынан ауызашар дастарханы жайылды.
Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар барысында болашақ мешіттің жобасы демеуші кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарға таныстырылды.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Думан Нәдірұлы мешіттің жобасы мен оның маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Бас имам жаңа мешіт жамағаттың рухани қажеттілігін өтеуге, діни сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы бірлік пен ізгілікті нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.
Жоба таныстырылымы кезінде мешіттің сәулеттік келбеті, сыйымдылығы және болашақта атқарылатын рухани-ағартушылық жұмыстар туралы ақпарат берілді. Тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, игі бастамаға қолдау білдірді.
Жаңа мешіт Согра ықшам ауданы тұрғындары үшін маңызды рухани орталыққа айналады деп күтілуде.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.03.2026
377
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру